Қоғам

Тазалықтың құны: Қазақстандық отбасылар жеке гигиенаға қанша жұмсайды?

2024 жылы қазақстандық отбасылар жеке гигиенаға орта есеппен 80,8 мың теңге жұмсаған. Бір қарағанда, аса қомақты сома емес сияқты. Бірақ өңірлік айырмашылықтарға үңілсек, бұл көрсеткіш елдегі табыс, тұрмыс деңгейі мен тұтыну мәдениеті туралы көп жайтты аңғартады, деп жазады Ozgeris.info.

Мысалы, Маңғыстау облысында бір отбасы жылына 111,1 мың теңге жұмсайды – бұл ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Яғни мұнайлы өңірде тұратын тұрғындар гигиена тауарларына орташа республикалық деңгейден 37,6% артық ақша шығындайды. Атырау мен Шымкент қалалары да көш басында – сәйкесінше 107,7 мың және 102 мың теңге.

Керісінше, елдің шығысындағы және батысындағы кейбір облыстарда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Шығыс Қазақстан, Абай және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жылына 57–61 мың теңге көлемінде ғана жұмсайды. 

Неге мұндай алшақтық бар? Бірінші себеп – аймақтық табыс деңгейі. Екінші – бағаның өзі, яғни логистика мен жеткізу шығындары. Үшіншіден, гигиеналық мәдениет пен тұтынушылық дағды да рөл ойнайды: кей өңірлерде сапалы өнімді тұрақты тұтыну қалыптасқан болса, басқа жерлерде бұл әлі де артық шығын ретінде қабылдануы мүмкін.

 

Барлық жаңалық