Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында (AIF) сөз сөйлеп, елде соңғы жылдары жүзеге асырылған терең экономикалық және институционалдық реформалардың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды
ozgeris.info.
— Біз әртараптандырылған, инклюзивті және болашаққа бағытталған экономиканы құруға бел шешіп кірістік. Мұндай экономикалық модель тұрақтылықпен қатар әділеттілікті қамтамасыз етеді, — деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан шынайы әділетті қоғам құру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Ол жақында өткен жалпыхалықтық референдумды еске салып, оның нәтижесінде Конституцияға өзгерістер енгізіліп, билік институттарын реформалау басталғанын айтты.
— Президент — бұл өз халқы жалдаған басқарушы. Ол халықтың сенімін толық ақтауы керек, — деді Тоқаев.