Жаңалықтар
Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті.
Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жедел көмек көрсету құрылымдары апат кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет еткеніне назар аударды.
Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Яғни оқиға бойынша толыққанды мәлімет бәріне бірдей ұсынылды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Әзербайжан елшілігі ғимаратына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы еліміздің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет таратты. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Үкіметке апат салдарын жоюға атсалысқан адамдардың ерлігі мен еңбегін лайықты атап өту, ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде тапсырма берді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға зардап шеккен шетел азаматтарына қажетті медициналық және психологиялық тұрғыдан толық көмек беруді, қайтыс болған Қазақстан азаматтарының туған-туыстарына айрықша қамқорлық көрсетуді тапсырды.
Үкіметтік комиссия мен Бас прокуратураға басқа құзыретті органдармен бірлесіп, ұшақ апатына жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізу міндеті жүктелді.
Президенттің пікірінше, бұл ретте ақпараттық арандату мен фейкке жол бермеу маңызды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін мұқият тексеру қажет екенін мәлімдеді.
Кеңес барысында Үкіметтік комиссия төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Бас прокурор Берік Асылов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
Демалыстан кейін қалтаңыз босап қалмасын десеңіз...
16:19, 13 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025