Мемлекет басшысы жеке кездесуде Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды және сенімді серіктестерінің бірі деп атады, деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан мен Малайзияның ежелден келе жатқан достық және өзара ынтымақтастық байланыстары бар, бұл салада бізде жақсы дәстүрлер бар, сондықтан сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Малайзия арасындағы байланысты одан әрі дамытуға қуатты серпін береді деп ойлаймын.
Біз көптеген маңызды салалардағы өзара іс-қимылымыз бен ынтымақтастығымызды ілгерілету үшін қосымша күш салуға дайынбыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әнуар Ибрахим Тоқаевқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, оның бұл сапарға үлкен мән беретінін атап өтті, бұған Астанаға келген Малайзия делегациясының өкілді құрамы куә.
ПІКІР ЖАЗУ