Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 1 балл алған абитуриентке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Министр ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты өз пікірін білдірді.
«Ол ҰБТ-ны екі мәрте тапсырды. Бірінші рет тапсырғанда ол 94 балл алған. Екінші рет тапсырғанда тестілеу орталығында 4 минут қана отырған. Бұл оның алдын ала жоспарланған әрекеті, акциясы болып отыр», — деді Саясат Нұрбек.
Оның айтуынша, мыңдаған түлек үшін ҰБТ – тегін оқу мүмкіндігі.
«Сондықтан бұл бір адамның акциясы, оған баға беруден аулақпын. Ол өзінің ерекше екенін көрсеткісі келді ме, білмеймін. Бірақ бұл қалғандарына дұрыс үлгі деп санамаймын. Ол өз ұстанымын білдірді», — деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, Ерасыл Уәлиев ҰБТ-дан бір балл алып, Түркияның 10 университетінен шақырту алған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ