Қазір соткасынан айырылған адам, соскасынан айырылған баладан жаман. Бағасы бір жылқыға татитын телефондарға ұрылардың да көзі жиі түседі. Ал оны жоғалтып алу сіздің өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Алаяқтар сіздің деректеріңізді оңай пайдаланып, барыңыздан айыруы ғажап емес. Тіпті несие рәсімдеуі ықтимал. Сонымен телефонды жоғалтып алсаңыз не істеу керек?
Ozgeris.info тілшілері біліп көрді.
- Қоңырау шалыңыз немесе SMS жіберіңіз
Ең алдымен өз телефоныңызға басқа құрылғыдан қоңырау шалып, табушының өзіңізбен байланысуына мүмкіндік беріңіз.
SMS-хабарламада байланыс нөміріңізді қалдырыңыз:
- Геолокациямен орнын анықтаңыз
Егер телефоныңызда геолокация қызметі қосулы болса, келесі сілтемелер арқылы оның орналасқан жерін көруге болады:
- Android: Google Find My Device
- iPhone: iCloud Find My iPhone
Бұл сервистер арқылы телефоныңыздың қайда екенін картадан көріп, дыбыс шығаруға немесе қашықтан бұғаттауға болады.
- SIM картаны бұғаттаңыз
Телефоныңыз жоғалғаннан кейін операторға дереу хабарласып, SIM картаны бұғаттаңыз. Бұл – бөтен адам сіздің нөміріңіз арқылы банк қосымшаларына немесе хабарламаларыңызға кіруіне жол бермейді.
📞 Операторлар:
- Beeline: 116
- Kcell/Activ: 3030
- Tele2/Altel: 611
- Жеке деректерге қашықтан қолжетімділікті бұғаттаңыз
Google немесе Apple есептік жазбаларыңызға кіріп, жоғалған құрылғыдан шығу арқылы:
- әлеуметтік желілерден
- банк қосымшаларынан
- бұлттық сақтау (Google Drive, iCloud) қызметтерінен доступты жоя аласыз.
- Полицияға хабарласыңыз
Телефон ұрланды деген күдігіңіз болса, жергілікті полиция бөліміне арыз жазыңыз. IMEI-коды арқылы полиция жоғалған телефонды іздеуге өтініш қабылдай алады.
IMEI кодты білу үшін:
Телефон қорабында немесе *#06# теру арқылы көруге болады (алдын ала жазып алыңыз).
- Банк қосымшаларын бұғаттаңыз
Смартфоныңызда Kaspi.kz, Homebank, Bank CenterCredit, т.б. қосымшалар болса, сол банктің колл-орталығына хабарласып немесе веб-нұсқасы арқылы уақытша бұғаттау жасаңыз.
- Телефоныңыз табылмаса – IMEI арқылы бұғаттаңыз
Егер телефон табылмайтын болса, оны IMEI коды арқылы бұғаттауға болады. Ол үшін:
- Полициядан алынған арыз тіркеу нөмірі
- Ұялы байланыс операторына өтініш
- Жоғалған телефон бұғатталып, желіге қосылмайтын болады.
Телефон жоғалту – жай ғана құрылғы емес, жеке өмірге қауіп төнуі мүмкін. Уақтылы әрекет ету мәліметтеріңізді қорғаудың ең сенімді жолы болмақ.