«Тазалық жоқ елге ешкім келмейді»: Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елордалық «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызуға қатысты.

«Сөзсіз, елімізді абаттандыру мен көгалдандыру — мемлекеттің орасан зор маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, яғни бүгін шықты, ертең ұмытып кеттім. Мұндай жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Бұл жалпыұлттық міндет. Біз ортақ үйіміз — Қазақстанға қамқорлық жасауға тиіспіз. Ешкім де мейман немесе инвестор ретінде тазалығы жоқ елге келмейді «, — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, ең алдымен қазақстандықтарға таза әрі әдемі ел қажет.

«Бұл өмір салтына айналуы тиіс. Бұл тек елордамыздың немесе ірі қалалардың мәселесі ғана емес, шағын қалаларға, аудандарға, ауылдарға да қатысты. Бүкіл Қазақстан таза болуы тиіс. Ал бұл бізге және жастарға байланысты. Мен жастарымызға сенемін «, — деп қосты Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Ботаникалық бақты аралап көріп, жалпықалалық сенбілікке қатысатын тұрғындар мен елорданың коммуналдық кәсіпорындары қызметкерлеріне алғыс айтты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Чикаго опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей