Қазақстанда көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындар үшін жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полиция өкілдері тәртіпке бағыну міндетті екенін ескертіп, бақылауды күшейткенін мәлімдеді. Жаңа талаптар көршінің тыныштығы мен ортақ кеңістіктің тазалығын сақтау мақсатында енгізілген. Ережені бұзғандарға айыппұл қарастырылған.
Мәселен, кіреберісте темекі шеккені үшін 58 мың теңге, қоқысты контейнерден тыс жерге тастағаны үшін 78 мың теңге, ал вандализм үшін 197 600 теңге немесе 20 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. Сондай-ақ түнгі уақытта – 22:00-ден 09:00-ге дейін тыныштықты бұзғандар жеке тұлға ретінде 19 660 теңге, ал кәсіпкерлік нысан иелері 78 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Кіреберіс дәліздерге арба, велосипед, қорап сынды заттар қоюға да тыйым салынған. Билік мұндай шаралар ортақ үйлердегі өмір сүру мәдениетін арттырып, тұрғындар арасында өзара сыйластық орнатады деп сенеді.