Жаңалықтар

Талас ауданындағы қайғылы оқиға: 10 жастағы бала көз жұмды

Талас ауданындағы қайғылы оқиға: 10 жастағы бала көз жұмды

Жамбыл облысында 35 жастағы әскери қызметкер асырап алған 10 жастағы баланың өліміне байланысты күдікке ілінді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Қайғылы жағдай мамыр айының соңында Талас ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Алайда бұл туралы ақпарат тек жуырда ғана жария болды. Белгілі болғандай, бала аудандық ауруханаға әкелінгенде тіршілік белгілері болмаған.

 

Күдікті ретінде марқұм баланың асыранды әкесі – әскери қызметкер ұсталды. Қазір бұл істі әскери-тергеу басқармасы қарастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның нақты мән-жайы әзірге тергеу құпиясына байланысты жария етілген жоқ.

 

Айта кетейік, бұл отбасы асыранды бес баланы тек бірнеше ай бұрын ғана қамқорлығына алған. Қайғылы жағдайдан кейін қалған төрт бала отбасынан алынып, қазіргі таңда арнайы мемлекеттік мекемеге орналастырылды.

 

– Бүгінде балалар қауіпсіз жерде. Оларға қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Қылмыстық істі әскери қызметкердің қатысы болғандықтан әскери-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр, – деді Жамбыл облысы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Дәурен Бақжанов.

Барлық жаңалық