Жаңалықтар

Қазақстан СІМ Ресейдің жаңа шекара тәртібіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан СІМ Ресейдің жаңа шекара тәртібіне қатысты пікір білдірді

Ресейдің шекарадан өтуге қатысты жаңа талаптарына байланысты Қазақстан қандай да бір жауап шараларын қабылдай ма деген сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді. Оның айтуынша, бұл мәселе қазіргі уақытта жан-жақты зерттеліп жатыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты newsroom.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

— Бұл тақырып мұқият қарастырылуда, тиісті мемлекеттік органдармен кеңесу қажет. Кейінірек толығырақ ақпарат беруге дайынбыз. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасында визасыз режим сақталып отырғанын атап өткім келеді. Жаңа тәртіп тек шекарадан өту рәсімдеріне қатысты, — деді Смадияров.

 

Еске салайық, 30 маусымнан бастап Ресейге кіру үшін азаматтар кемінде 72 сағат бұрын RuID платформасы арқылы электронды өтініш беріп, арнайы QR-код алуы қажет. Бұдан бөлек, шекарадан өткен кезде биометриялық тіркеуден өту — саусақ ізі мен сурет түсіру — міндеттеледі.

Барлық жаңалық