Жаңалықтар

«Интим мән-жайлар бар»: Карина Мамаш соттың жабық өтуін сұрады

«Интим мән-жайлар бар»: Карина Мамаш соттың жабық өтуін сұрады

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында әйелін сабады деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот талқылауы басталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты turkystan.kz-ке сілтеп. 

БАҚ мәліметінше Карина Мамаш істің материалдарында олардың отбасылық өміріне қатысты интимдік мәліметтер бар болғандықтан, процесті жабық өткізуді сұраған. Карина Мамаштың айтуынша, оның балалары бар және олардың болашақта бұл істің егжей-тегжейін білгенін қаламайды.

Сәкен Мамаш ашық сот отырысын өткізуді сұраған. Сот кеңесу бөлмесіне кетті.

Барлық жаңалық