«Шындыққа жанаспайды»: Тарихымызды бұрмалайтын картаның Ұлттық орталықта тұрғаны рас па?

Фото: t.me/samuraiwithout

Аталмыш карта еліміздің астанасындағы ұлттық орталықтардың бірінде тұр. Карта авторы, тарихшы-зерттеуші Әділбек Қаратаев бұл картаны он жыл бұрын сол кездегі танымал «вконтакте»  әлеуметтік желісіндегі парақшасына арнап сызған.

Арада он жыл өтсе де, аталмыш карта еш толықтыру мен өзгерту көрмеген. Сол қалпында мемлекеттік мекемелер мен ұлттық орталықтарда тұр. Қазір аталмыш карта көптеген даулы сұрақтарды туындатады. Ол шындыққа жанаспайды деген пікірлер де баршылық. Сонда тарихымызды бұрмалайтын карта қалайша ұлттық орталыққа қойылған? Автор өзінің Telegram арнасындағы парақшасында былай деп жазды:

«Кітапханадан шыға сала ұлттық орталыққа бардым. Көрме залында өз туындымды көрдім. Мен бұл картаны 2010 жылдары «paint» қосымшасында әлеуметтік желідегі парақшам үшін салғанмын. Кейін ол барлық жерге тарап кетті. Бұл карта мемлекеттік мекемелер мен баспаларда да кездеседі. Мен қызғаншақ емеспін, дегенмен бұл үлкен жетістік», — деп жазды ол.

Біздің тілшіміз автормен байланысқа шығып, мән-жайды анықтады. Автор картаның шындыққа жанаспайтынын жартылай мойындап отыр.

«Бұл картаны өз қолыммен сыздым деп айта алмаймын. Негізі басқа бір картаны алдым да, территориясын бояп шықтым. Иә, бұл картаны жартылай шындыққа жанаспайтынын мойындаймын. Себебі жаңа деректер бойынша, Қасым хан қырғыздармен қарым-қатынаста болған. Ал башқұрттар Қасым ханға бағынған деген ақпарат бар. Дегенмен бұл картаны өтірік деп айта алмайын, толықтыру керек деген дұрыс болатын шығар. Себебі қазақ хандығы бұл картадан да ауқымды болған», — деп жауап берді автор.

Автордың пікірінше, жаңа деректер күн сайын шығады. Одан бөлек, көшпелі елдердің шекаралары ешқашан тұрақты болмаған.

«Егер тарихты өзгерте беретін болсақ, онда бір-біріне қарама-қайшы карталар көбейіп кетеді. Бұл картаның нұсқасын ғалымдар қолдаған. Дегенмен ұлттық орталықтағы карта адамдарды шатастыруы мүмкін дегенмен келісемін», — деп жауап берді тарихшы Әділбек Қаратаев.

Ozgeris.info тілшісі бұл картаға қатысы жоқ тарих мұғалімінің пікірін сұрады. Әсем Жеңісқызының айтуынша, картадағы көрсетілген шекара бойынша үлкен айырмашылық жоқ.

«Бұл картаны жариялаған адамның қолына мұрағаттық деректер, немесе қосымша жаңа ақпарат түскен болар. Ол сол құжаттарға сүйене отырып, осы аумақты көрсеткен болар. Жалпы аумақ бойынша үлкен айырмашылық жоқ. Википедияға кірсеңіз де осы ақпарат шығады. Тек Батыс Қазақстанның территориясына қатысты бірнеше айырмашылықты байқадым. Дегенмен, мектеп оқулықтарында да Қасым ханның билік еткен кезеңі туралы осындай ақпарат беріледі. Менің тарихшы емес, қарапайым тарих мұғалімі екенімді де ескерген жөн», — деді ол біздің тілшіге берген жауабында.

Қанша десек те, ұлттық мекеме тексерістен өтпеген мағұлматтарды көпшіліктің назарына қойғаны дұрыс болмас еді. Ал егер автордың айтқанымен келісетін болсақ, халықты шатастыратын мәліметті жаңартатын уақыт келген сияқты. Тарих ол тек ресми сенімді дереккөздерге негізделіп жазылуы керек. Сол үшін біз сіздерге сенімді дереккөздердің сілтемелерін ұсынамыз:

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві – Қазақ хандығының шекаралары туралы тарихи құжаттар мен карталарды сақтау орны — www.ulttykarhiv.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – Қазақ хандығына қатысты тарихи экспонаттар, карталар мен зерттеулер бар — www.nmrk.kz 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – Қазақ хандығының аумағы туралы ғылыми зерттеулер жүргізетін мекеме- www.iie.kz
“Қазақстан тарихы” порталы – Қазақ хандығының карталары мен тарихи деректері бар ресми білім беру ресурсы —www.e-history.kz
Ресми оқулықтар мен ғылыми еңбектер:
•Мысалы: “Қазақ хандығы тарихы” (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен).
•Авторы: Зардыхан Қинаятұлы, Б. Көмеков, К. Пищулина және басқа да белгілі тарихшылар.

 

 

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…