Тараздық мұғалім оқушыларға Жириновскийдің партиясының атынан сыйлықтар таратқан

Педагог оқушыларға Жириновскийдің партиясының атынан сыйлықтар таратқан. Бұл жағдай Наурыз мерекесі қарсаңында болған, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Экспресс-К сайтына сілтеме жасап.

Ата-аналар ұстаздың бөтен елдің саяси партиясы атынан сыйлық табыстауын түсінбей отыр.

Оқиға Тараздағы нөмірі 13 мектепте болған екен. Мерекеге орай ұстаз сыныптағы оқушыларға Владимир Жириновскийдің суреті бар дәптерлер мен Ресейдің «ЛДПР» партиясының аты жазылған ертегілер кітабын сыйлаған.

Сондай-ақ, балаларға саяси партияның құттықтауы жазылған тәттілер де ұсынылған екен. Ата-аналар мұғалімнің бұл әрекетін түсінбей отыр.

Оқу құралдарының суретін ағам түсіріп жіберді. Не үшін осындай сыйлықтар ұсынылғанын түсінгісі келеді.

Алғашында біз мән берген жоқпыз. Енді неге дәл осындай сыйлықтар берілгенін білгіміз келеді, — дейді Ақбота есімді Тараздың тұрғыны.

Ozgeris.info порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны