Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде оқырмандарымен байланысқа шығып, жеке өмірінде болып жатқан жаңалықтарды айтты. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі бүгінде біреумен кездесуге барып жүргенін жасырмады, деп жазады Ozgeris.Info.
Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен ажырасып кеткен соң бойжеткендермен танысып, кездесіп жүргенін айтты. Өнер иесі бір арумен көріскенде болған қызықты жағдайды бөлісті.
«Біреумен кездесіп жүрсің бе? Біреумен таныстың ба? Үйленейін деп жатырсың ба? Бұл маған өте жиі қойылатын сұрақтар. Иә, танысқанмын. Жақында кездескенбіз. Сөйлесу барысында «Мәһрге не сұрайсың?» дегемін. Жаңа Gelandewagen сұрады. Құны 150 млн теңге. Не істеді деп ойлайсыңдар», — деп оқырмандарын ойландырып қойды актер.
Жахан Отарғалиев көпшілік көмегіне жүгініп, бойжеткенге қымбат көлікті әперген қаншалықты дұрыс екенін сұрады. Оған қоса өнер иесі үйлену жайлы ойланатынын айтып қалды.
«Үйлену туралы ойланасың ба? Әрине, ойланамын. Көбінесе түскі ас ішкен кезде ойланамын», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
ПІКІР ЖАЗУ