Жаңалықтар
Танымал актриса дүниеден озды
Танымал ресейлік актриса Лариса Голубкина мен Кеңес одағының белгілі сатқыны, бұрынғы "КГБ" полковнигі Олег Гордиевский өмірден өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
1964 жылы ГИТИС-ті тәмамдаған соң, Орталық академиялық Кеңес Армиясы театрының актрисасы болды. Лариса Голубкина ойнаған ең танымал фильмдер – "Гусарская баллада" және "Сказка о царе Салтане".
1977-1987 жылдары актер Андрей Мироновтың жары болған. Ресейлік Telegram-арналардың мәліметінше, актрисаның өліміне үшінші дәрежелі қан рагы себеп болған. 22 наурызда оның жүрегі тоқтады.
Қаңтар айында Голубкинаға дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды. Ол онкологиялық ауру салдарынан күрт салмақ жоғалтып, төсек тартып жатқан еді.
Ал Ұлыбританияда 86 жасына қараған шағында Олег Гордиевский өмірден озды. Ол Кеңес Одағының ең танымал сатқындарының бірі, бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі, Британия барлау қызметінің құпия агенті болған.
The Guardian басылымының мәліметінше, Гордиевский Англияның Суррей графствосындағы үйінде қайтыс болған. Өлім себебі жарияланбағанымен, бұл оқиғаны коронер (өлімді арнайы зерттейді) мен терроризмге қарсы полиция бөлімшесі тексеріп жатыр. Дегенмен билік оның өлімін күмәнді деп санамайды.
Гордиевский Мәскеуде Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Ол Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітіріп, Кеңес одағының (КСРО) сыртқы барлау қызметі саналатын ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бірінші бас басқармасына жұмысқа орналасқан. Кеңес Одағының агенті ретінде Дания мен Ұлыбританияда қызмет атқарған.
1972 жылы Копенгагенде британдық MI-6 агенттері оны өздеріне тартып, Гордиевский жылдар бойы Лондонға КСРО туралы құнды ақпарат беріп отырған. Кейбір БАҚ-тың бағалауынша, ол 1981-1983 жылдары суық соғыс ушығып тұрған кезде ядролық қақтығыстың алдын алуға үлкен үлес қосқан.
1985 жылы оны Лондоннан Мәскеуге кері шақыртып, күдікке ілінген. Бірақ Гордиевский Мәскеуден Ленинградқа, одан Финляндия шекарасына дейін қашып барып, британдық дипломаттардың көлігіне жасырын отырып, шекараны ешбір тексерусіз өткен. Кеңес билігі оны мемлекетке сатқындық жасады деп айыптап, сырттай өлім жазасына кескен. Бұл үкім КСРО тарағаннан кейін де күшін жойған жоқ.
2007 жылы Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Гордиевскийді Ұлттық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін Әулие Михаил және Георгий орденімен марапаттады.
Ол бас барлау басқармасының полковнигі Олег Пеньковскийден кейін Батыс барлау қызметтеріне ең көп құпия ақпарат берген агент ретінде саналады. Пеньковский 1963 жылы шпионаж және Отанға опасыздық жасағаны үшін ату жазасына кесілген еді.
-
Шымбұлақтан Қаскелеңге дейін: Алматы маңында жаңа туристік аймақтар пайда болады
12:11, 15 шілде 2025
-
"Өзінен сұраңыздар!": Мөлдір Мұқанова ашуына мінді
11:30, 15 шілде 2025
-
Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді
11:23, 15 шілде 2025
-
«Асар-Үме» қорының президенті Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударған
11:17, 15 шілде 2025
-
Қосылған құн салығын көтеру – мәжбүрлі қадам - Олжас Бектенов
11:12, 15 шілде 2025
-
Алматыда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды
09:38, 15 шілде 2025
-
-
«Дарақылық»: Танымал тележүргізушінің ұлының тойында қонақтар миллиондап ақша шашты
06:39, 15 шілде 2025
-
Алматыда жаппай жол апаты болды
04:00, 15 шілде 2025
-
«Әйеліммен баламыз жоқ деп жылаушы едік»: Елдос «Колобок» жан айқайын айтты
00:29, 15 шілде 2025
-
Миллиондаған ақша: Геннадий Головкиннің есімі атышулы сотта аталды
15:47, 14 шілде 2025
-
Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты
14:56, 14 шілде 2025
-
-
«Қателік жасадым, жүйкем жұқарды»: Дана Нұржігіт ешкімге айтпаған сырын айтты
21:19, 14 шілде 2025
-
Айдын Рахимбаев 150 қызметкеріне ақылды сақина сыйлады
17:32, 14 шілде 2025
-
«Әйеліммен баламыз жоқ деп жылаушы едік»: Елдос «Колобок» жан айқайын айтты
00:29, 15 шілде 2025
-
Бетті бүркеуге неге тыйым салынды? Хиджаб пен никабтың айырмашылығы неде?
23:58, 14 шілде 2025
-
"Өзінен сұраңыздар!": Мөлдір Мұқанова ашуына мінді
11:30, 15 шілде 2025
-
-
«Дарақылық»: Танымал тележүргізушінің ұлының тойында қонақтар миллиондап ақша шашты
06:39, 15 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
-
-
Интернетте де жауапкершілік бар
09:09, 09 шілде 2025
-
-
-
-
-
Елімізде еңбек кітапшасының күші жойылды
12:42, 14 шілде 2025
-
«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы атқарған істерін тізіп шықты (ВИДЕО)
10:39, 09 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025