Жаңалықтар

Алматыда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды

Алматыда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды

Алматыда ер адам азаматтық некедегі жұбайының өгей әкесін пышақтап өлтірді. Жантүршігерлік оқиға көшеде, жасөспірімдердің көз алдында болған. Бұл туралы ozgeris.info сайты AstanaTV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан ер адамның жерде жатқан адамға бірнеше рет пышақ сұққанын көруге болады. Тағы бір жантүршігерлік жайт – бұл қылмыстың куәгерлері – жасөспірімдер. Олар бұл сәтті ұялы телефонға түсіріп алған.

 

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

“Оқиғаға байланысты Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық жанжал негізінде, екі ер адамның арасындағы дау кезінде болғаны анықталды”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Барлық жаңалық