«Талибан» Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салды

Ауғанстанда билік басындағы «Талибан» қозғалысы шахмат ойынына ресми түрде тыйым салып, оны дінге қайшы деп таныды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты turkystan.kz сайтына сілтемемен.

Ауғанстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Абасин Мохибидің айтуынша, соңғы 11 айда елде шахматқа қатысты ешқандай жарыс не іс-шара өткізілмеген. Оның айтуынша, федерацияның көптеген өкілі елден кетуге мәжбүр болған.

Шахматшылар Спорт департаментіне турнирлер өткізуге және федерация жұмысына қолдау көрсетуге өтініш білдірген. Алайда олардан ойынға тыйым салу туралы әмірдің бар екені айтылған. Бұл жарлықта Шахмат Федерациясының құқықтық мәртебесі жойылып, шахматты «харам» деп жариялау жөнінде нұсқау берілген.