Жаңалықтар

Талдықорғанда әйелдің мәйіті қонақүйдегі өрттен кейін табылды

Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінде өрт сөндіру барысында әйел адамның денесі табылды. Марқұм — Paradise Villa қонақүйінің әкімшісі екені анықталды. Оның денесінен 12 пышақ жарақаты табылған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты krisp.tdk дерегіне сілтеме жасап. Оқиға 24 мамыр күні түнгі сағат 04:14-те орын алған. Қонақүйдің қабылдау бөлігінде өрт тұтанып, 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 04:29-да өрт толық сөндіріліп, 35 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Алдын ала болжам бойынша, қаскөй қылмыс ізін жасыру үшін әдейі өрт қойған болуы мүмкін. Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша “Адам өлтіру” бабымен іс қозғалды. Жедел әрекеттің нәтижесінде 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.
Барлық жаңалық