Жаңалықтар

Сутегі өндірісіне 7 млрд теңгеден астам инвестиция қажет

Ел үкіметі 2030 жылға дейін сутегін пайдалануға бағытталған бірнеше пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жобаларға парогаз қондырғыларында сутегін қолдану, сутегімен жүретін автобустарды іске қосу, сутегі құю станцияларын салу, оны өнеркәсіп пен энергетика салаларында пайдалану кіреді. Бұл бастамаларды жүзеге асыруға7  млрд теңгеден астам инвестиция қажет, деп жазады Ozgeris.info.

Маңғыстау облысында Германияның серіктес компаниясымен бірлескен жоба аясында сутегі өндірісі жолға қойылады. Сутегін өндіру электролиз әдісі арқылы жүзеге асырылады, ал қажетті электр қуаты жел және күн электр стансаларынан алынады. Жобаның қуаты – 40 ГВт, ал 2032 жылға қарай бұл кәсіпорын жылына 2 млн тонна сутегі өндіруді көздейді. Қазақстанның энергетика министрлігі халықаралық инвесторлармен және әлемдік энергетикалық компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жобаларды іске асыру үшін сыртқы инвестициялар мен халықаралық қаржы институттарының қолдауы маңызды рөл атқарады. Олардың қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі бар. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 2050 жылға дейін 50 миллиард доллардан асуы мүмкін.    
Барлық жаңалық