Сүйінші! Ел құрамасы Харбинде тағы да тарихи алтын алды

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.  Бұл қазақстандық спортшылардың фристайл-акробатикадан бүгінгі екінші жүлдесі.

Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола медаль иеленген болатын.