«Су тасқыны болса, өтемақыны күтпеңіздер». Қостанай әкімі бизнесмендерге жүгінді

Фото: mk-kz.kz

2024 жылы жедел штабтың жұмысы барысында су тасқыны салдарын жою аясында проблемалық мәселелер анықталды. Бұл туралы жиналыста Қостанай ТЖ басқармасының бастығы Аслан Махмутов мәлім етті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оның айтуынша, су басу аймағында тұратын тұрғындар жағдайдың күрделілігін толық түсінбеді.

«Олар жүргізіліп жатқан эвакуациялық іс-шаралардан бас тартты. Алдағы су тасқыны туралы бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, бизнес иелері су басуға бейім жерлерден өз мүлкін дер кезінде көшіру жөнінде түбегейлі шаралар қолданған жоқ», — деп Қостанай ТЖ басқармасының бастығы Аслан Махмутов мәлімдеді.

Сондай-ақ, су тасқынының салдарын жою барысында өз бизнесін сақтандырмаған субъектілер анықталды. Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев айтты.

«Келесі жылы, егер су тасқыны болса, тек өтемақы болады деп үміттенеді — оның қажеті жоқ. Сақтандырып, жұмыс істеу керек — бұл бүкіл бизнеске. Президент бизнеске көмек көрсетуді тапсырғаны үлкен іс. Тобыл бойындағы жерді алған әрбір бизнесмен «беріңізші-беріңізші» деп көз жасын төгіп, кейбіреулері оларға беру үшін соттады. Ал онда шарттардың бірі олардың табиғат қорғау аймағында, акваторияда орналасуы болды. Неге онда ештеңе салғызбайды? Жайдан жай емес қой? Салдыңыз ба, тәуекел жасаңыздар!», — Қостанай әкімі Марат Жүндібаев.

АҚПАРАТ ALAU.KZ САЙТЫНАН АУДАРЫЛДЫ