Қазақ қоғамында жас жеткіншектердтің өмірлік жолын таңдауына, қара танығаннан рухани нәр алып, ұнамды қасиеттерді өң бойына жинақтауына ата-ананың тигізетін әсері мол. Өйткені бала өмірге ата-анасының көзқарасымен қарайды. Өсе келе баланың таным көкжиегі кеңейіп, айналадағы құбылыстарға өзіндік пікір қалыптастыра бастайды. Бала армандауды үйреніп, желден жүйрік, таудан алып болуға талпынады.
Міне, осы тұста ата-аналарымыз түрлі қиыншылықтарға тап болатыны белгілі. Бірі баласын интеллектуалдық орталықтарға берсе, ал бірі баласын әлеуеті жетпейтін үйірмелерге жетектейтіні рас. Бірақ «жас ағашты қалай исең, солай өседі» деген тәмсілді жадымыздан шығармағанымыз жөн. Ал спортқа әуес баланың бетін қақпай, таңдаған спорт түріне жол сілтеу – ата-ананың парызы. Себебі салауатты ұрпақ – саламатты елдің кепілі.
Осы орайда баласын «Astana Qazaqstan Team» велокомандасының жеткіншектер үйірмесіне беріп, әуел бастан велоспортқа баулыған Гүлдана Сәрсенқызы баласының өзі қалаған спорт түріне барғанына өте қуанышты.
«Менің ұлым Ахметов Мансұр 12 жаста, велоспортпен айналысады. Балам жаттығуларын «Сарыарқа» велотрегінде өткізеді және өз жаттықтырушыларын қатты жақсы көреді. Ауа райы қандай болмасын жаттығуына баруға асығады. Егер жаттығуда жаңа бір нәрсе үйренсе, ол туралы қуана айтып келеді. Ол осыған дейін бірнеше жарыстарға қатысты, нәтижелері жаман емес, жаттықтырушылары нәтижелеріне дән риза», – деді Мансұрдың анасы.
Сонымен бірге Айнұр Ғабдуллақызы да ұлы Каримжанның жеткен жетістіктері үшін «Astana Qazaqstan Team» велокомандасының жеткіншектер үйірмесіне алғысын білдіреді.
«Әрине, «Astana Qazaqstan Team» үйірмесіне көңіліміз толады. Әсіресе, жаттықтырушымыз Амилия Болатқызына алғысымыз шексіз. Топтағы ең кіші бала болса да, жаттықтырушылар бізге сенім артуда. Біз де сенімдерінен шығуға тырысудамыз», – деді ол.
Ал баласының шымырлығына сүйсінген Касымова Алмира ханым болса, жаттықтырушылар құрамының шеберлігін тілге тиек етті.
«Балам 2 жастан бастап жарыстарға қатысып келеді. Бапкерлеріне баламыздың физикалық дамуына қосқан үлестері мен спорттық мақсаттарға қол жеткізудегі табандылықтары үшін алғыс айтамын. Сіздердің педагогикалық шеберліктеріңіздің арқасында біздің жас чемпиондарымыз үлкен ықыласпен әрбір жаттығуға баруға асығады және келесісін тағатсыздана күтеді», – деді Аланның анасы.
«Үлгі болар ағаның ізін бас та, жолын қу» деген. Жас жеткіншектерімізге Александр Винокуров сынды ағаларының жолын берсін дейміз!
«Астана» кәсіби спорт клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, құрылтайшысы – Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ
Ozgeris ақпараттық — сараптам порталына жазған мақаласы үшін және оны жазған журналистке зор алғысымды білдіргім келеді. «Бала кезінен спортқа баулу» шешімінің дұрыстығына тағы бір көзім жетті, біздің жас чемпиондарымызды жаттықтыратын «Академия Велоцентр Астана» спорт клубын атап өткім келеді. Әрине, әрбір ата-ана болашақта өз баласын «Astana Qazaqstan Team» кәсіби командасынан көруді армандайды, ал ол үшін ұзақ және табанды жаттығу қажет. Бұған біздің «Академия Велоцентр Астана» клубымыз көмектеседі, онда бізді жаттықтырады, велоспорт ауқымына дайындайды және бізге сенеді. Жаттықтырушылар штабы мен «Астана Велоорталық академиясы» Татьяна Ивановнаға балаларымыздың қажырлы еңбегі мен физикалық дамуы үшін алғысымды білдіремін.
Рады видеть статью об учениках нашего клуба ВелоЦентрАстана — Касымове Алане, и братьях Макзом Алимжане и Каримжане! Наши юные велосипедисты уже сейчас достойны, что бы о них писали СМИ. Но огорчает то, что ни слова не сказано о том, что эти дети занимаются в нашем клубе — ВелоЦентрАстана, а не в «Astana Qazaqstan Team»(насколько мы знаем родители ребят, говорили об этом журналисту) Например Аланчик, пришёл в наш клуб на беговел в 2017 году, когда ему было всего один годик и семь месяцев, в 4 года он пересел на велосипед, сейчас ему 5 лет и он владеет велосипедом на уровне настоящих профессионалов. Алимжан пришёл к нам на беговел , а его старший брат Каримжан — на велоспорт. Через месяц тренировок в группе беговелов Алимжан переходит в группу велосипедистов. А Каримжана через год мы переводим в СДЮСШОР по велоспорту. И таких примеров мы можем привести множество. Наш клуб за 5 лет работы охватил более 500 детей. Благодаря слаженной работе профессиональных тренеров нашего клуба ВелоЦентрАстана — юные велосипедисты с каждым годом усовершенствуют навыки владения велосипедом. Уверены, что Алана, Алимжана и Каримжана и других учеников нашего клуба ждёт большое спортивное будущее!
Спортивный клуб «ВелоЦентрАстана»:
— развиваем детский велоспорт в Казахстане
— готовим достойный резерв для сборных РК по велоспорту
—
С уважением, зам.директора Спортивный клуб «ВелоЦентрАстана» Трапезникова Татьяна
Кішкентай чемпионымды мақтан тұтамын
#Алламтілкөзденсақтасын
#Аллағашүкүр
Ozgeris ақпараттық — сараптам порталына жазған мақаласы үшін және оны жазған журналистке зор алғысымды білдіргім келеді. «Бала кезінен спортқа баулу» шешімінің дұрыстығына тағы бір көзім жетті, біздің жас чемпиондарымызды жаттықтыратын «Академия Велоцентр Астана» спорт клубын атап өткім келеді. Әрине, әрбір ата-ана болашақта өз баласын «Astana Qazaqstan Team» кәсіби командасынан көруді армандайды, ал ол үшін ұзақ және табанды жаттығу қажет. Бұған біздің «Академия Велоцентр Астана» клубымыз көмектеседі, онда бізді жаттықтырады, велоспорт ауқымына дайындайды және бізге сенеді. Жаттықтырушылар штабы мен «Астана Велоорталық академиясы» Татьяна Ивановнаға балаларымыздың қажырлы еңбегі мен физикалық дамуы үшін алғысымды білдіремін.