Жаңалықтар

Шошқаның жүрегін салған науқас көз жұмды

АҚШ-та шошқаның генетикалық түрлендірілген жүрегі алғаш рет трансплантацияланған науқас қайтыс болды. Бұл туралы Мэриленд штатындағы университет ауруханасы мәлімдеді, деп хабарлайды  "ozgeris.info" "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.  "Дэвид Беннетт, емделмейтін жүрек ауруы бар 57 жастағы науқас, ол шошқаның генетикалық түрлендірілген жүрегі алғаш рет трансплантацияланған адам ретінде тарихта қалған адам 8 наурызда қайтыс болды", - деді университет ауруханасының өкілдері. Науқастың жағдайы бірнеше күн бұрын нашарлай бастаған. Беннетке генетикалық түрлендірілген мүше 7 қаңтарда салынды. "Операциядан кейін жүрегінің жағдайы бірнеше апта бойы жақсы болған", - делінген хабарламада.  

"ozgeris.info".

Барлық жаңалық