Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қазір сот тергеу материалдарын зерттеу кезеңінде: тараптар беттестіру хаттамаларын, тергеу кезіндегі жауаптарды және басқа да құжаттарды қарап жатыр.
Алдағы уақытта сот жәбірленушілерді — жасөспірімнің ата-анасын — қайта тыңдайтын болады.
Шерзаттың әкесі, Қаржаубай Нұрымов, әлеуметтік желіде «Чика» деген атпен танылған Санат Абдыкадырдың жанжалға қатысы бар-жоғын нақтылау үшін қайта шақырылады.
Сондай-ақ Шерзаттың анасы — Гүлбара Бейшенбиева да сотта қайта тыңдалады. Қорғау тарапы оның соттағы жауабы мен беттестіру хаттамасындағы мәліметтер бір-біріне сәйкес келмейтінін алға тартуда.