Сондай-ақ, әкімші прокурорға досы алғашқы медициналық көмек көрсете алмағандықтан өлді деген болжам айтты. 15 минуттан кейін келген жедел жәрдем қызметкерлері жансыз денені тапты. Сергей Налыгачев 20 жылдан астам Жамбыл облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Баспасөз қызметінде мәліметінше, ол кәсіпқойлығымен қатар мейірімді және жанашыр адам болды."Оның досы тұншығып өлгенін айтты. Ал жедел жәрдем дәрігерлері келгенде ер адамның кім екенін анықтап, бір-екі күн бұрын инсультпен түскенін айтты. Ем алмай, ауруханадан шығып кеткен", — дейді дәмхана әкімшілерінің бірі.
Жамбыл облысының прокуратурасы отбасы мен жақындарына көңіл айтып, марқұм прокурордың отбасына моральды және материалды қолдау көрсетуге уәде берді."Ол ұжым арасында үлкен құрметке ие болды", - деді департамент.