Спорт
Шавкат неге ирландиялық қарсыласын әрең жеңді
Желтоқсанның басында отандасымыз Шавкат Рахмонов UFC 310 жарысында ирландиялық Иэн Мачадо Гарримен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.
Алайда кездесудің соңына қарай ирландиялық спортшы Шавкатқа қылқындыру әдісін жасап, жанкүйерлерді бір дүр сілкіндірген еді. Яғни, отандасымыз сәл шыдамдылық көрсетпегенде жеңіліске ұшырауы мүмкін еді.
Жекпе-жектің неліктен бұлай ауыр өткенін, отандасымыз неге кездесуді уақытынан бұрын аяқтай алмағанын Kazinform тілшісіне Шавкат Рахмоновтың өкілі Бауыржан Өтәлиев айтып берді.
Оның сөзінше, Шавкаттың жекпе-жекті ауыр өткізуінің көптеген себебі бар.
– Америкаға ұшарға дейін Шавкат аяғынан жарақат алды, медиальды коллатеральді байламы жыртылған екен. Біраз уақыт гипс тағып, секіре де алмай қалған болатын.
Америкаға келгеннен кейін қарсылас болады деп күтілген Белал Мұхамедтің жарақат алып, жекпе-жектен бас тартып жатқанын естідік. Осының бәрі Шавкаттың көңіл-күйіне кері әсер етті. Аяқтан жарақат алғаны аздай, жоспар бұзылды, – дейді Dar Pro Team командасының жетекшісі.
Өтәлиевтің айтуынша, Белал Мұхамед жекпе-жектен бас тартқан соң 20 күн бойы қазақстандық файтер кімнің қарсылас болатынын біле алмаған.
– Біз жаттығып жатқан зал тым үлкен болды, онда әртүрлі ұлт өкілдері топтасқан. Залдың іші өте ыстық, инфекциялық тұрғыдан қауіп бар еді. Қарсыластың кім боларын білмей жүргенімізде Шавкаттың денесі жаттығулардан кейін тітіркеніп, инфекцияның алғашқы белгілері байқалғандай болды. Дәрігерлер бізге осы кезеңнен өту үшін антибиотиктер ішуді ұсынды. Денесінде сәл әлсіздік байқалса, адам қанша тырысса да 100 пайыздық қалыпта жаттығу жасай алмайды. Физикалық дайындықты ұстап тұрып, төзімділікті арттыру үшін Шавкат амалсыз антибиотиктер қабылдады, – дейді ол.
Сондай-ақ Бауыржан Өтәлиев Шавкат ирландиялықпен кездесуге аяғынан алған жарақаты әлі толық айықпаған күйде шыққанын алға тартты.
– Алға қарай тіке жүрсе сезілмейді, бірақ жанымен қимылдай бастаса аяғы ауыратын. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін сараптап қарасақ, Шавкат физикалық дайындығының 60-70 пайыз деңгейімен ғана шыққан екен. Оның жарақатынан қарсылас та хабарсыз болмағаны анық. Осыған қарамастан, қиынға соққан жекпе-жекте Шавкат үмітті ақтады, – деп түйіндеді ол.
-
Сәтбаевтағы 13 жастағы қыздың өлімі: Қала әкімінің орынбасары жазаланды
12:42, 18 маусым 2025
-
Екі аяғынан айырылған Алуаның Германияға баруы үшін көмек қажет
11:55, 18 маусым 2025
-
Бюджет тапшылығын трагедияға айналдыруға болмайды
11:17, 18 маусым 2025
-
-
Тазалықтың құны: Қазақстандық отбасылар жеке гигиенаға қанша жұмсайды?
09:42, 18 маусым 2025
-
«Cartier сағаты Тұрсын мен Баяннан»: Аша Матай әкесінің туған күніне тосынсый жасады
07:47, 18 маусым 2025
-
Әнші Өмірқұл Айниязов сүйінші жаңалығымен бөлісті
05:13, 18 маусым 2025
-
Баян Алагөзова мәһрге не сұрағанын айтып берді
00:33, 18 маусым 2025
-
Чек алсақ, 2% ақшамыз қайтады
18:15, 17 маусым 2025
-
Тағы бір ауыл арақ сатудан бас тартты
17:05, 17 маусым 2025
-
Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысы туралы айтты
15:27, 17 маусым 2025
-
-
ЭКСКЛЮЗИВ | Елжан Біртанов: «Мені емес, платформаны соттады»
15:41, 17 маусым 2025
-
Баян Алагөзова мәһрге не сұрағанын айтып берді
00:33, 18 маусым 2025
-
Темекі: бюджет үшін табыс па, қоғам үшін қауіп пе?
01:37, 18 маусым 2025
-
-
Чек алсақ, 2% ақшамыз қайтады
18:15, 17 маусым 2025
-
«Cartier сағаты Тұрсын мен Баяннан»: Аша Матай әкесінің туған күніне тосынсый жасады
07:47, 18 маусым 2025
-
Тағы бір ауыл арақ сатудан бас тартты
17:05, 17 маусым 2025
-
Қазақстан Қытайға 1500 киік сыйлады
14:31, 17 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025