Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнамалық қалқан құлап, қазақстандық әйел көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Orda порталына сілтеп.
Оқиға DV5270 рейсіне Астанаға ұшуға дайындалып жатқан сәтте орын алған. Шарм-эль-Шейх әуежайында әйелдердің үстіне жарнамалық қалқан құлап, салдарынан бір қазақстандық азаматша оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі әйел жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсетілді.
SCAT әуе компаниясы жағдайға байланысты пікір білдірді.
«Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олар қонақүйде. Әуе компаниясы зардап шеккендерге терең көңіл айтады және әуежай мен туроператорлармен тығыз байланыста», – делінген ресми хабарламада.
ҚР Сыртқы істер министрлігі де жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, Шарм-эль-Шейх әуежайының ұшу аймағында жолаушыларды күтіп тұрған сәтте жарнамалық қалқан құлаған. Оқиға салдарынан бір қазақстандық қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алған.