Қоғам

«Сенесіз бе?»: Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2 мың адам шақыратынын мәлімдеді

Танымал әнші, МузАРТ тобының мүшесі Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойына 2 мың адам шақыратынын айтты, деп хабарлады ozgeris.info. Әнші ұлын үйлендіріп, жаңаөзендіктермен құда болмақ.
«Біз тойымызға 2 000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі «келем» дейді, біреуі «көреміз» дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе – кім нақты келетінін анықтау екен. «Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!» деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте түсінгенім: келесі жолы өзім шақырту алсам – бірден жауап берем! Ал сізде қалай болды?! Қонақ тізімін жасағанда қандай қиындыққа тап болдыңыз?!» – деп жазды ол.
Барлық жаңалық