МАҢЫЗДЫ

Сенатор Лукин: Қазақстан толыққанды ғарыш ойыншысына айналуы тиіс

Сенатор Андрей Лукин еліміздің ғарыш саласында жалға беруші ретіндегі рөлінен әлі арылмағанын сынға алды. Ол депутаттық сауалында Байқоңыр кешеніне мемлекеттік сатып алуда артықшылық беруді және ғарыш саласын кешенді дамыту керектігін атап өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Лукиннің пікірінше, басты бағыт – университеттер мен стартаптардың қатысуымен шағын спутниктерді жасау. Сондай-ақ ол:

  • спутниктерді басқару орталығын кеңейтіп, Қазақстанды ғарыштық қызмет экспорттаушы ел ретінде дамыту;

  • спутниктік деректерді ауыл шаруашылығында, құрылыс, экология және төтенше жағдайларды жоюда қолдану;

  • инженерлік-ғарыш факультеттерін ашу, тағылымдамалар ұйымдастыру және ғылыми базаны дамыту;

  • спутниктік бағдарламаны жаңғыртып, жеңіл зымыран тасығышты ұшыру;

  • Байқоңырда арнайы экономикалық аймақ құру

Барлық жаңалық