«Сен сияқты әкесіз өскен жоқпын»: Әлеуметтік желіде келіншек тренд түсіремін деп қызын жылатып қойды

Соңғы кездері әлеуметтік желіде трендка айналған ойынды қызымен ойнаған ананың әрекеті жұрттың ашуына тиді. Ол қызына ауыр сөздер айтып, жылатып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен ең болмағанда сен сияқты әкесіз өскен жоқпын. Бұрын әкем бар еді. Ал сенің әкең жоқ», деп келемеждеді келіншек бүлдіршінді.

Алайда кішкентай қыз да анасынан жеңілгісі келмей, кері жауап қайтарды. Бірақ анасының сөздері кішкентай қыздың көңіліне тиіп, жылап қалады.

«Менің әкем өліп қалған жоқ», — деп жауап қайтарды бүлдіршін.

Келіншектің әрекеті көпшіліктің ашуына тиіп, желідегілер түрлі пікір қалдырған.

«Есі дұрыс адам баласына осындай сөз айта ма? Баланың көңілін неге ойламайды Масқара мынадай ана көрсем көзім шықсын. Травма алды-ау, балақай. Байғұс қызға жаным ашып кетті ғой», — деп жазды көпшілік.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит