«Рухани әлсіреп кеттім». Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңді еске алды

Фото: instagram/zhahan_utargaliyev

Актер Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңдер туралы айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында жақында жарыққа шығатын сұқбаттың үзіндісін жариялады.

Менің айналамда бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып  кетіп қалды. Ол солай болуы керек болды. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді түсіріп жібердім, – деді актер.

Ол денсаулығы жақсарған соң, рухани әлсіреп кеткендігін түсінеді.

Сол кезде жан-жағыма қарадым да, рухани әлсіреп кетіппін деген шешімге келдім. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңан шығарып қояды. Осы жерден менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек, – деді Жахан Отарғалиев.

АҚПАРАТ POLITICO.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы