«Роза Рымбаеваға қызығамын»: Мақпал Жүнісова орындалмай жүрген арманын айтты

Фото: видеодан скрин

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова болашақ армандарын бөлісіп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, жан жарасының жазылмай жүргенін айтты.

“Қанша мықты әйелмін десең де, нәзік екеніңді кейін сезесің. Бәріне шыдау мүмкін емес. Біз де адамбыз ғой. Кейін бәрі жақсы болар. Ақиқат ашылып, соған куә болып, немеремді құшақтап отыруды елестетемін, армандаймын. Жалпы менің өмірім осы өнерім ғой. Мен тек сахнада бақытты адаммын. Үйге келген соң барлық адам секілді жылайтын, ойланатын, күлетін кезім болады. Бірақ шынайы халықтың махаббаты мені осы күнге дейін алып келе жатыр. Менің тыңдармандарым менің жанымды жақсы түсінеді, жаман жерімді байқамайды», – деді халық әртісі.

Сонымен қатар Мерейдің болашағына да алаңдайтынын жеткізді.

“Мерей – 22 жаста. “Жақсы жігіт болса, кете бер” деп айтамын. Ағылшын тілінің маманы. Қазір бір компанияда қазақшадан ағылшыншаға аударады. Өткен жылы балаларға сабақ беріп, 500 мың теңге айлық алыпты. Өзі тіл саласына қызығады. Жұмыс істей берсең, кете бересің. Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді. Роза Рымбаеваға қызығамын. Сол сияқты немере бағып, өмірімді өзгерткім келеді”, – деп жан сырын ақтарды эстрада жұлдызы.