✅ Пайдалы

Құрылыс компаниясын онлайн бақылауға болады. Ол қалай?

Қазір қарашаны құрылысты бастамай қақсатып, артынша сапасыздығымен тағы зар жылататын компаниялар бар. Олардың құрылыс жұмыстарын үнемі барып бақылау әсте қиын. Ал құрылыс компаниясын онлайн бақылау туралы естідіңіз бе? Ол қалай? Ozgeris.info айтып береді. Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы құрылыс компаниясын онлайн тексере алады. «Тұрғын үй порталы» мемлекеттік жүйесі өзекті деректермен қамтамасыз етеді. Қолданба заңды түрде салынып жатқан 999 ортақ құрылыс жобасы туралы ақпарат береді. Сондай-ақ, құрылысы заңсыз деп танылған 181 тұрғын үй кешені бойынша деректер көрсетілген. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінде бар. Егер құрылыс салушыда құрылысқа рұқсаттың үш түрі болса, салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алу қауіпсіз:
  • ҚЖК (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) кепілдігі;
  • жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) рұқсаты;
  • екінші деңгейлі банктердің қатысуы.
Осы құжаттардың кем дегенде біреуі болса, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады. Құрылыс салушы қаржылық қиындықтарға тап болса да, сатып алушы өз пәтерін алады. Сондықтан, әзірлеушіні онлайн режимінде тексеру – үй сатып алмас бұрын маңызды қадам. eGov Mobile жүйесінде құрылыс компаниясын онлайн қалай тексеруге болады:
  1. eGov Mobile қолданбасын ашып, «Негізгі» қойындысына өтіңіз.
  2. Содан кейін «Басқа қызметтер» бөлімін таңдаңыз.
  3. Ұсынылған опциялардың ішінде «Тұрғын үй порталы» түймесін басыңыз. Ауысу автоматты түрде орындалады.
  4. Компанияның БСН, оның атауын немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізіңіз.
Осыдан кейін жүйе әзірлеушінің рұқсаттары мен кепілдіктері бар-жоғын көрсетеді. Сонымен қатар, қолданбада қалаған аймақты немесе белгілі бір қаланы таңдауға болады. Сүзгіден өткеннен кейін мемлекеттік кепілдікпен заңды түрде салынған барлық тұрғын үй кешендері көрсетіледі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің кепілдігі, әкімдіктің рұқсаты немесе банктің қатысуы болуы мүмкін. Сондықтан онлайн тексеру оңайырақ және сенімдірек болды.    
Барлық жаңалық