МАҢЫЗДЫ

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеуде

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, 2025 жылдың басында ел халқының саны 20,3 миллион адамға жетті. Туу коэффициенті 6,2%-ға азайды. Сондай-ақ Ақмарал Әлназарова ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылыққа назар аударды. Әйелдер орта есеппен ерлерге қарағанда 8 жыл ұзақ өмір сүреді. 2023 жылы ерлердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71 жылды, ал әйелдердікі 79,1 жылды құрады. Салыстыру үшін: ЭЫДҰ елдерінде бұл айырмашылық 5-6 жыл шамасында.
Барлық жаңалықтар