✅ Пайдалы

Қазақстанда паспорт алу тәртібі: нені білу керек?

Халықаралық төлқұжат – Қазақстан азаматының шет мемлекеттерге еркін шығуына мүмкіндік беретін негізгі құжат. Жаңа паспорт алғысы келетін немесе мерзімі өткен ескі төлқұжатын жаңартқысы келетін азаматтар үшін паспорт алу тәртібі қандай? Ozgeris.info тілшілері жіпке тізді. Паспортты қайдан және қалай алуға болады?
  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) бөлімшелеріне жүгіну қажет.
  • Немесе Egov.kz электрондық порталы арқылы өтініш беріп, кейін құжатты дайын болғанда алып кете аласыз.
Қандай құжаттар қажет?
  • Жеке куәлік (түпнұсқа)
  • Паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек
  • Кәмелетке толмаған балалар үшін – ата-анасының (немесе қамқоршысының) жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі
  • 16 жасқа дейінгі балаларға – ата-анасы өтініш береді
Паспорт алу үшін 15 күн күту керек немесе қосымша ақы төлеп 1-3 күн уақыт аралығында алуға болады.  Паспорт 10 жылға беріледі. Ал балаларға берілген паспорттар 5 жылға жарамды Паспорт түрлері және мемлекеттік баж салығы:
  • 36 беттен тұратын паспорт: 8 АЕК = 31 456 теңге.
  • 48 беттен тұратын паспорт: 12 АЕК = 47 184 теңге.
  • Балаларға арналған 24 беттен тұратын паспорт: 4 АЕК = 15 728 теңге.
Жеделдетілген қызмет үшін қосымша төлемдер:
  • 1 жұмыс күні ішінде алу: қосымша 3 372 теңге;
  • 3 жұмыс күні ішінде алу: қосымша 1 771 теңге.
Жеделдетілген қызметтің қолжетімділігі және қосымша төлемдер аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 1 жұмыс күні ішінде алу мүмкіндігі бар. Басқа облыс орталықтарында 3 жұмыс күні ішінде алу қарастырылған. Балаларға жеке төлқұжат алу міндетті ме? Иә. 2022 жылдан бастап Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға да жеке төлқұжат (паспорт) рәсімдеу міндетті, егер олар шетелге шығатын болса. Бұрынғыдай ата-анасының паспортына тіркеу тәжірибесі қолданылмайды. Ескеретін жайт! Паспорт жоғалған жағдайда, дереу жергілікті полицияға немесе елшілікке хабар беру керек. Қос азаматтығы бар тұлғалар шетелге тек Қазақстан Республикасының паспортымен шығуы тиіс – бұл заңда белгіленген.    
Барлық жаңалық