Қант бағасы жеті апта қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды «Бірінші кредиттік бюро».
25 ақпан мен 4 наурыз аралығында құмшекердің бағасы 1,4 %-ға көтерілді. Мұндай көрсеткіш сирек кездеседі. Соңғы рет осындай өсім 2024 жылғы сәуірде тіркелген еді.
Бағаның ең жоғары көтерілуі Өскемен, Павлодар және Петропавл қалаларында байқалды — 3,4 %.
«Қазақстанда қолжетімді тазартылған қанттың басым бөлігі шетелден, негізінен Ресейден әкелінеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық өнімнің үлесі 26 %-ды құрады, бұл – көлеңкелі импортты есептемегенде», — деп мәлімдеді сарапшылар.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру