Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасына мерекелік фотосуреттер жариялады, деп хабарлайды
ozgeris.info сайты.
"Ақ мол, жыл ырысты болсын! Жарықтың ұзаратын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Нұрдың молығатын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі - Наурыз құтты болсын! Әр отбасына амандық-саулық, тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!", - деп жазды Қайрат Нұртастың жары.
Желі қолданушылары төрт баланың анасына тамсанып, Жұлдыздың сұлулығы туралы түрлі пікір қалдырды. Алайда Әбдікәрімованың бұл бейнесін жақтырмағандар да бар. Бірі жанарында жылулығы жоқ, сұп-сұр екенін айтса, енді бірі артық дүние көп екенін жазды.