«Қазақ мұнайына қауіп төнді»: Каспий құбырына дрон шабуылдап екі ірі мұнай станциясына зақым келді

Фото: peremyshl40

Каспий құбыр консорциумының ірі мұнай айдау станциясына дронмен шабуыл жасалды.  Энергетика министрлігі Қазақстандық мұнайды қабылдауда еш кедергі жоқ деп мәлімдеді. Алайда КҚК  шабуыл салдарынан мұнай айдау көлемі төмендегенін жеткізді.

«17 ақпан күні Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдау нысаны – “Кропоткинская” мұнай айдау станциясына (МАС) дрондар шабуыл жасады. Шабуылда жеті пилотсыз ұшу аппараты қолданылған, олардың ішінде жарылғыш заттардан бөлек, металл зақымдаушы элементтер де болған. Шабуыл уақыт аралығымен жасалып, нысанның жұмысын бұзумен қатар, станцияның жедел қызметкерлері арасында адам шығынына әкелу мақсатында ұйымдастырылған», – делінген КҚК хабарламасында.

КҚК мұнай төгілу қаупі жоқ екенін атап өтті. Алайда, қазіргі уақытта шығын көлемі есептеліп жатыр, өйткені МАС істен шыққан.

«Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау станцияны айналып өтіп, төмендетілген айдау режимінде жүзеге асырылуда», – деп хабарлады консорциум.

Ресей Федерациясы аумағындағы КҚК-ның ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын “Кропоткинская” Краснодар өлкесінің Кавказ ауданында орналасқан.

Қазақстанның Энергетика министрлігі НПС қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ екенін және КҚК тарапынан қазақстандық мұнайға ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді.

«Мұнай қабылдау қалыпты режимде жүріп жатыр», – деп нақтылады министрлік.

КҚК Батыс Қазақстанның мұнай кен орындары мен Каспий қайраңындағы ресейлік мұнай кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен байланыстырады. Маршруттың ұзындығы 1511 шақырымды құрайды.

Бүгінде Қазақстан мұнайының 80 пайызы осы мұнай тасымалдаушы құбырмен айдалуда. Бұл КҚК қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта КҚК Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 миллион тонна мұнайды және Ресей арқылы жылына 83 миллион тоннаға дейін мұнайды тасымалдауға қабілетті. 2024 жылы Қазақстан КҚК арқылы 63,01 млн тонна мұнай (-0,7%) тасымалдаған («Forbes»).

2024 жылы КҚК құбыр жүйесіне мұнайдың ең көп көлемі Қазақстанның Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарынан жөнелтілді – сәйкесінше 26,82 млн тонна, 9,82 млн тонна және 17,21 млн тонна мұнай.

Бұл қазақ мұнайы экспортталатын Ресейдегі нысандарға жасалған алғашқы шабуыл емес. Өткен жылдың желтоқсан айында Ресейдің Брянск облысындағы «Дружба» мұнай құбырының тиеу пунктіне соққылаушы дрондар шабуыл жасаған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л