Оқиға
Қатыгез қылмыс: Шымкент тұрғыны анасын өлтіріп, өртеп жіберген
Шымкент қаласының сотында 31 жастағы Дархан Жолдыбаевқа қатысты іс қарала бастады. Ол өзінің 54 жастағы анасын қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті алдымен анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, кейін шынжырмен тұншықтырып өлтірген. Бұдан соң, ол мәйітті үй ауласындағы шұңқырда өртеп жіберген. Бұл туралы CMN.Kz порталына сілтеме жасай отырып Ozgeris.info тілшісі хабарлайды.
Бұл қылмыс 2025 жылдың 12 қаңтарында анықталған. Сол күні полицияға өрт туралы хабарлама түсіп, оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесін тапқан.
Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, бұл қылмыстық іс айыптау актісі бойынша емес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібімен қаралуда. Себебі, сараптама нәтижесі бойынша, күдіктінің қылмыс жасаған сәтте психикалық ауытқушылық жағдайында болғаны анықталған.
Сот-психиатриялық сараптама ер адамның шизофрениямен ауыратынын анықтады. Оның анасы мен ағасы бұрын туа біткен психикалық бұзылуларға байланысты мүгедек деп танылған. Күдіктінің өзі психикалық денсаулық мәселелері бойынша бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сот барысында прокурор Мерует Досмаханбетова күдікті Дархан Жолдыбаевтың бұл қылмысты алдын ала жоспарлағанын мәлімдеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол балалық шағындағы реніштеріне байланысты осындай қадамға барған. Айыптаушы тараптың мәліметінше, анасы баласына жиі ұрысып, туыстарының қарауына қалдырып отырған, бұл оның ішінде өшпенділік сезімін тудырған.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті анасының қонақ бөлмесінде ұйықтап жатқанын көріп, өз жоспарын жүзеге асыруға шешім қабылдаған. Ол пышақ алып, жүрек тұсына үш рет, арқа аймағына алты рет соққы жасаған.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында, 2025 жылдың 11 қаңтарында сағат 18:00 шамасында, ол үйдегі жиһаздарды өртеген. Кейіннен анасының денесін темір шынжырмен орап, алдын ала қазылған дәретхана жанындағы шұңқырға шығарып, өртеп жіберген.
[embed]https://youtu.be/iwNbaW4M8NE[/embed]
-
Қарағандыдан Астанаға бара жатқан жолда апат: екі адам оқиға орнында қаза тапты
15:28, 12 шілде 2025
-
Рұқсатсыз жұмыс істеген мейрамхана жұртты улады
14:38, 12 шілде 2025
-
«Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым»: Тұрсынбектің «екінші» әйелі үндеу жасады
13:02, 12 шілде 2025
-
-
Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады
17:12, 11 шілде 2025
-
Атырауда көкөніс теруге 500-ден астам шетелдік жұмысшы келді
16:52, 11 шілде 2025
-
«Балаңызбен тұра алмайсыз»: Ефремова жарыс алдында қиын жағдайға тап болды
16:30, 11 шілде 2025
-
Енді интернетсіз де сөйлесуге болады
16:24, 11 шілде 2025
-
Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болып тағайындалды
16:00, 11 шілде 2025
-
-
Қарағандыдан Астанаға бара жатқан жолда апат: екі адам оқиға орнында қаза тапты
15:28, 12 шілде 2025
-
Қазақстан «Евровидение-2026» байқауына қатысуы мүмкін
16:45, 12 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
-
-
Интернетте де жауапкершілік бар
09:09, 09 шілде 2025
-
-
"Осы күнге жеттік": Елдос "Колобок" сәби сүйетінін жылап тұрып сүйіншіледі (ВИДЕО)
19:51, 07 шілде 2025
-
-
-
«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы атқарған істерін тізіп шықты (ВИДЕО)
10:39, 09 шілде 2025
-
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025