Оқиға
Қатыгез қылмыс: Шымкент тұрғыны анасын өлтіріп, өртеп жіберген
03.04.2025
239
Шымкент қаласының сотында 31 жастағы Дархан Жолдыбаевқа қатысты іс қарала бастады. Ол өзінің 54 жастағы анасын қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті алдымен анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, кейін шынжырмен тұншықтырып өлтірген. Бұдан соң, ол мәйітті үй ауласындағы шұңқырда өртеп жіберген. Бұл туралы CMN.Kz порталына сілтеме жасай отырып Ozgeris.info тілшісі хабарлайды.
Бұл қылмыс 2025 жылдың 12 қаңтарында анықталған. Сол күні полицияға өрт туралы хабарлама түсіп, оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесін тапқан.
Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, бұл қылмыстық іс айыптау актісі бойынша емес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібімен қаралуда. Себебі, сараптама нәтижесі бойынша, күдіктінің қылмыс жасаған сәтте психикалық ауытқушылық жағдайында болғаны анықталған.
Сот-психиатриялық сараптама ер адамның шизофрениямен ауыратынын анықтады. Оның анасы мен ағасы бұрын туа біткен психикалық бұзылуларға байланысты мүгедек деп танылған. Күдіктінің өзі психикалық денсаулық мәселелері бойынша бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сот барысында прокурор Мерует Досмаханбетова күдікті Дархан Жолдыбаевтың бұл қылмысты алдын ала жоспарлағанын мәлімдеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол балалық шағындағы реніштеріне байланысты осындай қадамға барған. Айыптаушы тараптың мәліметінше, анасы баласына жиі ұрысып, туыстарының қарауына қалдырып отырған, бұл оның ішінде өшпенділік сезімін тудырған.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті анасының қонақ бөлмесінде ұйықтап жатқанын көріп, өз жоспарын жүзеге асыруға шешім қабылдаған. Ол пышақ алып, жүрек тұсына үш рет, арқа аймағына алты рет соққы жасаған.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында, 2025 жылдың 11 қаңтарында сағат 18:00 шамасында, ол үйдегі жиһаздарды өртеген. Кейіннен анасының денесін темір шынжырмен орап, алдын ала қазылған дәретхана жанындағы шұңқырға шығарып, өртеп жіберген.
[embed]https://youtu.be/iwNbaW4M8NE[/embed]
-
Нұрлан имам биыл да АҚШ-тағы Трамптың қайырымдылық асына қатысты (ФОТО)17:15, 06 ақпан 2026
-
Жасанды интеллект зауыттарға қалай кіріп жатыр?17:05, 06 ақпан 2026
-
Жаңа Конституция: Үкімет кәсіпкерлерге қандай уәде беріп отыр?16:45, 06 ақпан 2026
-
-
Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге 50 жылға тыйым салынды16:00, 06 ақпан 2026
-
"Пәтер сұрауға ұялдым": Роза Рымбаева Назарбаевпен кездесуі жайлы айтты (ВИДЕО)15:21, 06 ақпан 2026
-
"Жаңа Конституция ұзақмерзімді серіктестікке жол ашады" – Олжас Бектенов15:10, 06 ақпан 2026
-
10 жылға сотталған Перизат Қайрат түрмеде киім модельері болмақ14:27, 06 ақпан 2026
-
Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды12:28, 06 ақпан 2026
-
-
-
-
-
"Пәтер сұрауға ұялдым": Роза Рымбаева Назарбаевпен кездесуі жайлы айтты (ВИДЕО)15:21, 06 ақпан 2026
-
-
-
2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды10:43, 06 ақпан 2026
-
Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды12:28, 06 ақпан 2026
-
10 жылға сотталған Перизат Қайрат түрмеде киім модельері болмақ14:27, 06 ақпан 2026
-
"Жаңа Конституция ұзақмерзімді серіктестікке жол ашады" – Олжас Бектенов15:10, 06 ақпан 2026
-
-
Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ел естімеген дерек шықты04:18, 03 ақпан 2026
-
-
"Шөп шегейік деді": Танымал психолог Мақпал Қаратайдың бар былығын ашты (ВИДЕО)17:28, 02 ақпан 2026
-
-
-
-
-
-
«Шегірткелер құтырған заман болды»: Ахметбек Нұрсила Қайрат Әділгерейді сотқа бермек06:15, 03 ақпан 2026
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)17:25, 16 қаңтар 2026
-
"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)16:18, 16 қаңтар 2026
-
«Көріпкел, емшілер жаза бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай шындығын айтты06:00, 27 қаңтар 2026
-
Шұғыл! Атыраудағы жоғалған отбасындағы қыздың ізі табылды11:16, 07 қаңтар 2026
-
-
"Қаншама күнә жинады": Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)17:12, 14 қаңтар 2026
-
"Беті ашылды": Әнші Еркеш Хасеннің бұрынғы әйелі жазба жариялады (ФОТО)15:48, 08 қаңтар 2026
-
-
"Жұмабектің бұрынғы әйелімен таныспын": Ляйсира Марат біраз шындықтың бетін ашты12:23, 08 қаңтар 2026