Қарағандыда әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтіріп алған

Фото: Pixabay.com

Қарағандыда әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді. Кейін ер адамның әйелге пышақпен шабуыл жасағаны белгілі болды. Әйел өзін қорғамақ болған. Бұл әрекетінің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Ozgeris.info сайты 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір үйқамақта отырған әйелге абайсызда кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылуы мүмкін. Күдіктінің сұхбат беруге құқығы жоқ. Оның қорғаушысы да құпия ақпаратты жарияламау туралы қолхатқа қол қойған. Алайда адвокат әйелдің басқа амалы болмағанын айтып, қорғанушысына араша түсті.

“Азаматтық некедегі күйеуі әйелді бірнеше рет ұрып-соққан. Ол бұған дейін тұрмыстық жанжал үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты екі рет қорғау нұсқамасы шығарылды. Биыл 2 қаңтар күні тағы да жанжал шығып, ер адам әйелге шабуыл жасаған. Алайда әйел жылдам әрекет етіп, қолын тосып қалған. Ол пышақты тартып алып, өзін қорғамақ болып ер адамға пышақ жарақатын салған”, – дейді адвокат Ибрагим Сәдуақасов.

Кейін ер адам ауруханада көз жұмған. Ал әйелдің өзі де дене жарақатын алған. Алайда оған қатысты «Абайсызда өлімге әкелген қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оған 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр дейді қорғаушы.

“Бұл іс өзін-өзі қорғау шегінен асып кету жағдайына жатады. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – 2 жылға дейінгі шартты немесе нақты мерзім. Жабық бөлмеде, бойы 160 сантиметр әйел өзінен әлдеқайда ірі, бойы 190 сантиметр ер адамнан қалай қорғана алады, әсіресе, егер оның қолында пышақ болса? Оның жалғыз амалы – өзін бар күшін салып қорғау немесе сонда ажал құшу. Мұндай жағдайда әйелдің әрекеті – өмір үшін күрес, ол тек аман қалуға тырысты”, – дейді Ибрагим Сәдуақасов.

Психологтардың пікірінше, зорлық-зомбылыққа төзетін әйелдердің де, өз ашуын әлсіз адамнан алатын ер адамдардың да психологиялық проблемалары бар.

“Әрине, отбасылық жанжал шығаратындарға қатысты заңдарды қатаңдату қажет. Сонымен қатар отбасы институтын дамыту және кез келген зорлық-зомбылық түріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру маңызды. Өйткені адамның тұлғалық қалыптасуы мен жанашырлық сезімі отбасында басталады”, – дейді “Позитивті даму» жекеменшік ұйымының басшысы, клиникалық психолог Оксана Панасиди.

Полиция болған жағдайға қатысты қылмыстық істің енді ғана қозғалғанын айтты.

“Қазір жәбірленушіге қатысты абайсызда адам өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

Адвокат Ибрагим Садуақасов әйелдің кінәсіздігін дәлелдеу үшін сараптамалар мен тергеу эксперименттерін жүргізу туралы өтініш білдірген. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Ол тергеуді оңтүстік-шығыс полиция бөлімінен қалалық полиция басқармасына ауыстыруды талап етіп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)