Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты. Аталған концертте хор құрамында ән айтқан баланың видеосы көпшілікті сүйсінтті. Кішкентай әнші сахнада көз жасын тоқтата алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Президент бүгін Халықаралық әйелдер күніне арналған концертке қатысты. Онда Садраддин ән айтты, онымен бірге сахнаға К.Бәйсейітова атындағы ҚазҰӨУ мектебінің хоры да шықты. Бір кезде мен хор солистерінің бірі көзіне жас алғанын байқадым. Концерттен соң хор жетекшісімен тілдестім. Баланың есімі Дінмұхамед екен. Димашта бәрі жақсы. Тек сахнада тұрып анасын есіне алып, эмоциясын жасыра алмай қалғанын айтты", - деп жазды журналист.