«Плюс Капитал» қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысы бар күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, ол қазір тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы ұсталған адамның аты-жөнін көрсетпей.
«Плюс Капитал» ЖШС-нің директоры әрі құрылтайшысы Артур Темірғалиев екенін Курсив анықтады. Бұл қаржы пирамидасы Маңғыстау облысында 2020 жылы құрылған. Сондай-ақ алаяқтар 600 инвестордың 3 миллиард теңгеден астам мүлкін жымқырған.
ПІКІР ЖАЗУ