4 маусымда Павлодар қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған «Тандырный дворик» дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті, – деп хабарлайды ozgeris.info.
Рavlodarnews.kz жазғандай, басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс үшін кәсіпкерлік нысанға барды.
«Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды», – деп хабарлады басқарма.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне және 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды.
ПІКІР ЖАЗУ