Жаңалықтар
Пайызсыз несие барлық банкте беріледі - тәртібі белгілі болды
01.10.2024
267
Қазақстанда банктер туралы жаңа заңның аясында исламдық қаржыландыру тетіктерін жан-жақты кеңейту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде халық қазіргі банктерде шариғат нормаларына сай қарыздарды, яғни процентсіз кредит пен ипотеканы ала алады.
Sputnik Қазақстан тілшісі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласып, исламдық банкингті кеңінен тарату жоспары жайында білді.
"Исламдық терезелер" ашылады
Қазіргі кезде әлем бойынша исламдық қаржыландыруға деген сұраныс артып келеді. Себебі осы жүйеде проценттерге тыйым салынған, ал адамды қарызға белшесінен батыруға жол берілмейді. Қазақстанда ондай қызметті тек арнайы банктер ұсынады. Осылайша, дәстүрлі және ислам банктері бөлек жұмыс істейді, лицензияны да бөлек алады. Ал исламдық қаржыландыру кеңінен тараған мұсылман мемлекеттерінде халықтың сұранысына қарай өзгерістер жасап жатыр.
Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде дәстүрлі банктерге өз қызметін исламдық қаржыландырумен қатар жүргізуге рұқсат берілген. Қазақстан да бұл өзгерістен қалғысы келмейді. Сол себепті жаңа заңның аясында дәстүрлі банктерге өз қызметін исламдық қаржыландырумен қатар жүргізуге мүмкіндік беру мәселесі қаралады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған жауапқа сәйкес, дәстүрлі банктерде "исламдық терезелер", яғни арнайы құрылымдар немесе бөлімшелер болады. Сол арқылы исламдық қаржыландыру өнімдері ұсынылады.
"Осының арқасында клиенттер үшін қаржы қызметтері барынша қолжетімді болады. "Исламдық терезелер" халыққа өз көзқарасы мен қалауына қарай банк өнімдерін таңдауға мүмкіндік береді. Сонда әрбір адам сан алуан қажеттіліктерін шешу үшін кредит алу, инвестиция салу және тағы басқа қызметтерді пайдалана алады", - дейді агенттік мамандары.
Осы бастаманың нәтижесінде бәсекелестік де күшейеді деген болжам бар. Әсіресе, дәстүрлі банктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Себебі қаржы өнімдері көбейеді, клиенттерді де көптеп тартуға жол ашылады.
Исламдық қаржыландыру тетіктері
Исламдық қаржыландыруда банктің барлық қызметі шариғатқа сай болуы шарт.
Негізгі өнімдер:
Кард-әл-хасан – процентсіз қарыз. Ислам банкі ондай қарызды жеке немесе заңды тұлғаға белгілі бір уақытқа береді. Оның дәстүрлі кредиттен айырмашылығы сол, банк ешқандай процент алмайды, тек өз қызметі үшін ақы есептеп береді. Ал клиент өз еркімен үстінен қосылған ақшаны алғыс ретінде төлейді.
Мурабаха – ислам ипотекасы. Оған сәйкес, банк пәтерді өз ақшасына сатып алады да, клиентке пайдалануға береді. Сол үшін алдын ала келісілген сыйақы алады. Оның мөлшері өзгермейді. Ал барлық қарыз жабылғаннан кейін баспана клиенттің атына аударылады.
Мудараба – ислам депозиті. Банк ондай депозиттегі ақшаны нақты бір жобаға немесе кәсіпорынға салады. Ал келісімшартта банк пен салымшы арасында табысты өзара бөлу тәртібі көрсетіледі. Мударабаның ақшасын тек халал, яғни, шариғатпен рұқсат етілген кәсіпке салуға рұқсат берілген.
Иджара – исламдық лизинг. Дәстүрлі лизингте мүлікті қолданғаны үшін проценттік мөлшерлеме төленсе, иджарада мүлік уақытша пайдалануға беріледі. Ол үшін жалға алу төлемі ғана қарастырылған. Жалға алынған мүлікті жеке меншікке сатып алуға болады.
Исламдық қаржыландыруда тыйым салынған кәсіптер:
алкоголь мен темекі өндірісі;
қару-жарақ саудасы;
шошқа етін өңдеу;
құмар ойындар, лотереялар;
ойын-сауық индустриясы (ересек адамдарға қатысты);
Бұдан бөлек, исламдық қаржы тек нақты өнімдерге, яғни, қолмен ұстап көруге болатын тауарларға ғана салынады. Сондықтан криптовалюта, фьючерстер мен своп-айырбасқа тыйым салынған.
Ауыл халқы да процентсіз қарыздар ала алады
Қазақстанда дәстүрлі банктер исламдық қаржыландырумен айналысатын болса, шалғай жерде тұратын халық да процентсіз қарыздарды пайдалана алады.
Мәселен, филиал желісі жақсы дамыған банктерде "исламдық терезелер" ашылған жағдайда шалғай аймақтардың тұрғындары үшін исламдық қаржыландыру қызметтері қолжетімді болады. Сонда тұрған жеріне қарамастан, адамдарға тең мүмкіндіктер жасалады. Ал бұрын ондай қызметтерді көрмегендер өз қажеттілігіне пайдалана алады", - делінген қаржы нарығын реттеу агенттігінің жауабында.
Бұл бастаманың тағы бір ұтымды тұсы сол, халықтың қаржылық сауаттылығы артады. Ол үшін "исламдық терезелер" ашылған жерде сан алуан шаралар ұйымдастырылады. Бұның барлығы келесі жылы басталады деген жоспар бар. Сол кезде банктер туралы жаңа заң күшіне енеді.
Айта кетері, бүгінде Қазақстанда екі ислам банкі - Al Hilal Bank пен Zaman bank бар. Бұдан бөлек, "Kazakhstan Ijara Company" лизинг компаниясы жұмыс істейді. Ислам қағидаттары бойынша сақтандыру қызметін де алуға болады.
-
"Апам қасымда": Дариға Бадықова Олжас Абаймен Америкаға аттанды (ВИДЕО)17:20, 23 ақпан 2026
-
Атышулы Челахтың үкімін кескен судья қызметінен кетті17:11, 23 ақпан 2026
-
Шымкентте саябақтардың бірінен ер адамның мәйіті табылды16:33, 23 ақпан 2026
-
"Құрметсіздік көрсетті": Михайл Шайдоров өз ренішін жеткізді16:26, 23 ақпан 2026
-
QR код алаяқтық: сканерлегенде, сақ болыңыз16:03, 23 ақпан 2026
-
-
Шымкентте 8 жасар баланың асқазанынан ірі көлемде шаш шықты14:23, 23 ақпан 2026
-
Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады12:59, 23 ақпан 2026
-
Дастан Сәтбаев алдағы маусымда жаңа нөмірде өнер көрсететін болды (ВИДЕО)12:28, 23 ақпан 2026
-
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді12:21, 23 ақпан 2026
-
"Темекі шеккені жақсы емес": Жүрсін Ерманның жатысы көптің талқысына түсті (ВИДЕО)10:27, 23 ақпан 2026
-
«Шал құсамай қойшы»: Еркін Нұржанов жас әйелінен сөз естіп қалды (ВИДЕО)09:50, 23 ақпан 2026
-
"Құрметсіздік көрсетті": Михайл Шайдоров өз ренішін жеткізді16:26, 23 ақпан 2026
-
"Бұрынғы әйелі арыз түсірген": Асхат Садырбайдың басына бұлт үйірілді12:21, 23 ақпан 2026
-
"Апам қасымда": Дариға Бадықова Олжас Абаймен Америкаға аттанды (ВИДЕО)17:20, 23 ақпан 2026
-
-
-
-
Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады05:00, 23 ақпан 2026
-
Ақтөбе облысында адам шығынына әкелген жол апаты болды10:35, 23 ақпан 2026
-
«Жасым мыңға келіп мінгенім қалай»: Димаш Құдайберген қырғыз қызбен алтыбақан тепті04:06, 16 ақпан 2026
-
-
"Маған үйленбесе өлемін деп еді": Олжас Абайдың бұрынғы әйелі ән жазды (ВИДЕО)15:32, 16 ақпан 2026
-
"Ақша аз, өмір қиын": Еролат Құдайберген көпшілікті алаңдатып қойды (ВИДЕО)14:50, 18 ақпан 2026
-
«Адамдар шыбынша қырылады»: Ахметбек Нұрсила ораза ұстауға қатысты пікір білдірді07:56, 18 ақпан 2026
-
"Тілімді қышытпай кетші": Ерболат Құдайберген тағы да желіні шулатты (ВИДЕО)15:44, 20 ақпан 2026
-
"Жақында той": Алтынай Жорабаева үлкен қызын ұзатпақ (ВИДЕО)12:12, 17 ақпан 2026
-
"35 жылдан бері күйеуімді ұмытқан жоқпын": Жанар Айжанова көзіне жас алды (ВИДЕО)10:11, 17 ақпан 2026
-
Желіде Ұлықпан Жолдасовтың іс-әрекеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)03:27, 19 ақпан 2026
-
-
«Көріпкел, емшілер жаза бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай шындығын айтты06:00, 27 қаңтар 2026
-
"Әлі алдыма келесіңдер": Роза Рымбаеваның ұлы ашуға булықты (ВИДЕО)10:01, 13 ақпан 2026
-
"Қайғымды қайдан ұқсын": Димаштың күйеу баласы күтпеген жазба жариялады (ФОТО)09:29, 12 ақпан 2026
-
"Жаныңыз жәннатта болсын": Тұрсынбек Қабатов жоқтау жазба жариялады14:59, 10 ақпан 2026
-
«Тағы бір қайғы»: Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды08:45, 26 қаңтар 2026
-
"Жақсылық жасамай-ақ қойсын": Құндыз Руслан Өтепбайды пышақтап өлтіретінін айтты (ВИДЕО)16:52, 27 қаңтар 2026
-
"Алты күн комада жатты": Алтынай Жорабаева қайғылы хабарын естіртті12:08, 23 қаңтар 2026
-
«Жасым мыңға келіп мінгенім қалай»: Димаш Құдайберген қырғыз қызбен алтыбақан тепті04:06, 16 ақпан 2026
-
-
"Емін-еркін жүретін болыпты": Тұрсынбек тоқалымен бірге тойда көзге түсті (ВИДЕО)15:08, 27 қаңтар 2026