Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады ozgeris.info.
Аталған деректі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Бұл дерекке қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.