"Ғашықпын саған" фильмін тамашалаған Жанар Айжанова көзіне жас алып қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Айтуынша, фильмнің көп жерлері әншінің өміріне ұқсас.
"Менің өміріме ұқсас жерлері көп. Бізде осындай жастық шақ болды. Барлығы шынайы дүние мен ақша қуалаған жоқпыз. Өмірімнің ұмытылып бара жатқан тәтті сәттері есіме түсті. Көп нәрсе қамтылған. Махаббаттың қадірін түсінбей жүргендер ойланатын болады. Кинода фальш жоқ. Мен сендім, көзімнен жас та шығып кетті. Махаббатты ұмыту деген қиын іс. 35 жылдай болып қалды. Мен әлі күнге дейін Айжұлдыздың әкесін ұмытқан жоқпын. Жесір әйелдің де өмірі қамтылған, режиссерге басымды иемін", - деп ағынан жарылды Айжанова.
Желі қолданушылары да әншінің сөзін жақтап түрлі пікір білдірді.