Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қызының тұрмысқа шыққалы жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды
Бұл туралы журналист Анна Данченко желідегі парақшасында жазды.
«Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шықпақ. Жағымды жаңалықпен әншінің өзі бөлісті. Құтты болсын!», - деп жазды журналист.
Айнара есімді қызына жігіті тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген. Қызы "иә" деп жауап берді.
Алтынай Жорабаева қызын құттықтады.
"Бақыттарың баянды болсын, жандарым. Алтындарым, балапандарым", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл сүйінші жаңалыққа қуанып, жастарға тек бақыт тілеп жазуда.