Танымал әнші Ерболат Құдайберген өзінің желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол өзіне ұқсайтын адамның наркологиялық орталықта ұсталған видеосы тарағаннан кейін алғаш рет жазба жариялаған.
"Асфальт қала, тас көше, жүреміз ешкімге бас имей, Бағытым айқын, мақсатым биік, тоқтамаймын, тоқтамаймын, алға қарай! Қалтада аз ақша, бірақ ойымда үлкен жоспар, Достар аман болсын, жаулар көбейсін, маған бәрібір, менде бәрі бар. Таңертең ерте тұрамын, жоспар құрамын, Жақындарымды ойлап, алға ұмтыламын. Өмір қиын, иә, бірақ мойыма, Өз жолыңды тап, өз атыңды шығар!", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіруде.