Шоу-бизнес

"Тағы да жүкті ме?": Тұрсынбек Қабатов пен тоқалының бірге жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

"Тағы да жүкті ме?": Тұрсынбек Қабатов пен тоқалының бірге жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Айман есімді екінші әйелімен бірге жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Видеода Тұрсынбектің сауда орталықтарының бірінде тоқалымен қол ұстасып жүргенін көруге болады. Көпшілік оның жанындағы әйелдің сырт келбеті мен киім үлгісіне қарап, Айман екенін болжаған.

Аталған видео желіде кең таралып, қолданушылар түрлі пікір қалдыруда. Кейбірі олардың жеке өмірін талқылап, түрлі болжамдар айтса, енді бірі келіншектің сырт келбеті мен киіміне қатысты сын пікірлер жазған.

Пікір қалдырушылар арасында «тағы да жүкті сияқты», «Мөлдірден қай жері артық», «бір қатынастан екіншісіне өтті» деген сарындағы жазбалар кездессе, кей қолданушылар Айманның қай жерде жүрсе де, қандай киім кисе де сынға жиі ұшырайтынын атап өткен.

Барлық жаңалық